Теміртауда есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртау қаласында есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) құрықталып, 8 адам қолға түсті.
None
None

«Қарағанды облыстық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Теміртау қ. ІІБ есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі. Полицейлер қылмыстық топтың әр мүшесін ұстау үшін көптен бері жұмыс жүргізген», - делінген аймақтың ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу нұсқасы бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топқа Теміртаудың 49 жастағы әйел тұрғыны басшылық еткен.

Ұсталған 8 адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Ұйымдасқан қылмыстық топты құрған әйелге қатысты ҚР ҚК 262-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар