Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Теміртауда көлік иесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысының Теміртау қаласында көлік иесіне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен екі жұмыссыз жігіт ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Теміртауда көлік иесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Полицияның ақпараты бойынша, қылмыс 6 ақпан күні талтүсте Теміртау қаласының Комсомольский даңғылындағы дүкеннің қасында болған. «Бетперде киген екі күдікті фирмада шебер болып жұмыс істейтін 31 жастағы ер азаматты пышақпен қорқытып,  «Тойота Камри» көлігінің кілтін беруді талап етіп, бірнеше рет оқ атады. Жәбірленуші жасырынып үлгерген. Ал көлігіне оқ тиіп, біраз зақым келіпті», - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері 22 және 23 жасар екі күдікті азаматты қолға түсірді.

«Пәтерді тексеру кезінде 16-калибрлі аңшылық қосауыз мылтық, 12-калибрлі бірауыз шолақ мылтық және оқтар табылды», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ұсталған азаматтар уақытша тергеу абақтысына қамалды. Қарақшылық шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.