Теміртауда моноқалаларды дамыту мәселесін саралайтын семинар өтеді

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - 13-14 мамыр күндері Қарағанды облысы Теміртау қаласында Қазақстан Республикасының моноқалаларын дамыту мәселелері жөнінде көшпелі семинар-кеңес өтеді.
None
None

 Семинарға бірқатар министрлік пен ведомстволардың, даму институттарының өкілдері, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімдері, осы облыстардағы моноқалалардың әкімдері қатысады,- деп хабарлайды pm.kz сайты.

Бүгін семинарға қатысушылар Теміртау қаласындағы бірқатар өндірістік және мәдени нысандарды аралайды деп жоспарлануда. Содан кейін моноқалаларды дамытудың Кешенді жоспарларын әзірлеу және оларды аймақтық даму мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында қорғау реті түсіндірілетін семинар-кеңес өтеді.

Шағын қалаларды дамыту жөніндегі семинар-кеңестің жұмысы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметовтің қатысуымен ертең, 14 мамыр күні жалғасады.

Соңғы жаңалықтар