Теміртауда осыдан 27 жыл бұрын Эфиопияда қаза тапқан жауынгер-интернационалистің есімі мәңгі есте қалдырылды
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында осыдан 27 жыл бұрын Эфиопияда интернационалистік парызын өтеу барысында қаза тапқан Вячеслав Лабуркиннің есімі мәңгі есте қалдырылды.
Бұл ақпаратты Ауғанстан соғысы ардагерлерінің қалалық бірлестігінен хабарлады.
«В.Лабуркин оқыған Теміртаудағы № 24 мектептің қабырғасында мемориалды тақта ашылды. Біздің бірлестігіміз жастарға тәлім-тәрбие беру үшін осындай бастамаға ұйытқы болды. Жаңа буын жер бетіндегі бейбітшілік үшін кімдердің өз өмірлерін қиғандықтарын білулері тиіс», - дейді Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Теміртау қалалық бірлестігінің төрағасы Владимир Киселев.
В.Лабуркин 1985 жылдың шілдесінде небәрі 21 жасында жауынгерлік тапсырма орындау барысында қаза тапты.
«Ағымдағы жылы ұлым 49 жасқа толар еді. Ол мектепті бітіргеннен кейін Целиноград музыкалық училищесінде білім алды. Одан кейін әскер қатарына шақырылды. Біз оны Ауғанстанға жібереді деп қорқып едік, бірақ Эфиопияға аттанды», деді қаза тапқан жауынгердің анасы Лидия Лабуркина.