Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Теміртауда су құбырының жарылуы салдарынан 336 тұрғын үй мен бірқатар әлеуметтік нысан сусыз қалды

АСТАНА.  Қыркүйектің 23-і.  ҚазАқпарат -   Қарағанды  облысындағы Теміртау  қаласында  су  құбырының   жарылуы салдарынан 336 тұрғын үй,

Теміртауда су  құбырының  жарылуы салдарынан 336  тұрғын үй мен бірқатар  әлеуметтік  нысан сусыз  қалды

 6 балабақша,  4 орта мектеп,  2  кәсіптік-техникалық мектеп,     перзентхана  және  балалар  ауруханасы  сусыз қалды,  деп  хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Су  құбырындағы апат  сейсенбі күні  сағат 19.00-де   орын  алды.    Жарылған  құбырдың  диаметрі - 400 мм.   Әлеуметтік   нысандарға су  жеткізілімі ұйымдастырылып  отыр.

 «Сағат 22.45-те   су құбырын  қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды»,- делінген  төтенше жағдайлар  ведомствосының    соңғы ақпаратында.   Төтенше оқиғаның салдарларын жоюға  «Оқжетпес» ЖШС-нің 17 адамы мен 8 техникасы  жұмылдырылды.