Теміртаулық егіз бойжеткен: Кімге дауыс бергенімізді бір-бірімізге де айтпаймыз

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Металлургтер қаласында егіз бойжеткен сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Металлургтер қаласында биыл 18 жасқа толған 2 мыңнан астам жас тұрғын тізімге енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Абзал Ермекбаев биыл алғаш рет сайлауға қатысты. Ол - Теміртау политехникалық колледжінің студенті.

Абзал тұрғылықты жері бойынша № 317 учаскеде өзінің азаматтық борышын орындаған.

«Бүгінгі іс-шара өте маңызды. Әркім келіп, дауыс беруі керек. Менің құрдастарым мен туыстарым бүгін келіп, Қазақстанның болашағы үшін дауыс береді», - дейді Абзал Ермекбаев.

№ 317 учаске өзінің сайлау алдындағы жұмысын 20 қазанда бастаған.

Оған екі мыңнан астам адам бекітілген. Күні бойы дауыс берушілердің келуі 85% құрайды деп жоспарлануда.

Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көшпелі бригадалар ұйымдастырылды.

«Бүгінгі таңда 11 байқаушы отыр. Барлығы көтеріңкі көңіл-күймен келіп жатыр, ауа райы да керемет. Бір сағат ішінде 100-ден астам адам дауыс берді. Сайлау алдындағы үгіт бір ай бойы өте белсенді жүрді», - деп атап өтті №317 учаскелік комиссияның төрағасы Жомарт Тілемісов.

Ал №324 сайлау учаскесіне егіз қыздар Амина мен Адина Ибраева келді.

Олар осымен үшінші рет дауыс беруге қатысып отырғанымен, кімге дауыс бергенін бір-бірінен құпия ұстайтынын айтады.

«Сайлауға қатысу - Қазақстанның әрбір азаматының азаматтық борышы деп санаймын. Мен адал сайлауды қолдаймын және менің таңдауым дұрыс болды деп үміттенемін», - дейді Амина Ибраева.

Сайлау күні металлургтер қаласында 59 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Теміртау бойынша сайлаушылар тізімінде 18 жасқа енді толған жастардың саны - 2175 адам.


Соңғы жаңалықтар