Теміржол саласында қысқартуға жол берілмейді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда локомотив пайдалану депосы – 900-ден астам адам еңбек ететін аймақтағы іргелі ұжымның бірі.
None
None
Болат жолдың Шиелі мен Қазалы аралығына қызмет көрсететін кәсіпорын жаңа жылды жігерлі істермен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Депо тәулігіне 14 жолаушылар, 15 жүк пайыздары мен маневрлік қатынастарға қызмет жасайды. Жолаушылар тасымалы Шиелі-Сексеуіл, жүк пойыздарының қозғалысы Шиелі-Қазалы арасын қамтиды. Парктің осы жұмыстарына бекітілген 60-тан астам тепловоздың қалыпты жұмыс істеуі тұрақты қамтамасыз етіліп отыр. Кәсіпорын жүрегі ? тепловоз машинистері, яғни, жолаушыны жолдан қалдырмай, жүкті жеріне жеткізетін олардың шеберлігіне көп байланысты. Осынау жауапты жұмысты 700-ден астам тепловоз машинистері мен көмекшілері тыңғылықты атқарып келсе, олардың тең жарымына жуығы бірінші, екінші сыныпты тәжірибелі мамандар. Мұнда дағдарыс сезілмейді, қайта өндіріске жаңа технологиялар енгізу кеңінен қанат жайған. Соңғы екі айда локомотив паркі жетілдірілген 21 тепловозбен жаңарды. Бұл Американың "Дженерель-электрик" тепловоздарына дизель қондырғылары орнатылған. Компьютерлік басқару жүйесі бар заманауи машина болып саналады. Алдағы уақытта паркке "Ювиллан" тепловоздары әкелініп, сынақтан өткізіледі. Әлемдік теміржол саласының ең соңғы жетістігі саналатын, жаңа буын жеті тепловоз Сыр бойында сынақтан сәтті өтсе, Астанадағы зауытта құрастырылатын болады. ? Қазірдің өзінде жаңа тепловоздарға 60-тан астам мамандарды қайта даярлықтан өткізіп, оқыттық, ? дейді депо директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Ізбасхан Сүйінов. Технология заманында мұнда жаңалықтар да жеткілікті. Қазір тепловоздарға жылдамдықты өлшейтін таспа қондырғылар орнатылған. Машинистер әрбір сапардан соң оны бөлімге тапсырады. Бесаспап, автоматты қондырғыда пойыздың барлық қозғалыс барысы, жылдамдығы мен кедергілері, түйіндеп айтқанда,жолды қалай жүріп өткені тіркеліп, жұмыс сапасын анықтауға қол жетеді. Жаңа технологиялар желісі машинистердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймайды, олардың кәсіби біліктілігін таразылауға ықпал етпек. Ұжымда еңбеккерлердің әл-ауқатын көтеруге бағытталған нақты шаралар белгіленген. Тепловоз машинистерінің жалақысы орта есеппен 120 мың, көмекшілері 80 мың теңге алатынын ескерсек, бұл аймақтағы жоғары көрсеткіштердің бірі екенін байқаймыз. Депоның өткен жылғы өндірістік және техникалық нәтижелері дағдарысты еңсеруге қабілетті. Болат жолдың білікті басшысы Жұлдызбай Мұсаев басқаратын ұжымдағы қалыпты еңбек ырғағы саланың тынысы кеңіп, тегеуріні толыса түскенін аңғартқандай.
Соңғы жаңалықтар