Темір рудасы төрт жыл бойы заңсыз өндіріліп, шетелге шығарылған

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады. 

Темір рудасы төрт жыл бойы заңсыз өндіріліп, шетелге шығарылған
Фото: видеодан алынған скрин

​Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді.

Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды.

— Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. ​Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды, — делінген Қарағанды облысының прокуратурасы хабарламасында.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді. 

Айта кетелік 

Соңғы жаңалықтар