Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Темірлан Келдібаев «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Директорлар кеңесінің шешімімен Келдібаев Темірлан Рахатұлы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Темірлан Келдібаев «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Фото: «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған, сондай-ақ Барселонадағы Менеджмент жоғары мектебін бизнес әкімшілігі мамандығы бойынша MBA дәрежесіне ие.

2016 жылы – «Астана ЭКСПО» ҰК» АҚ Ұйымдастыру-бақылау департаментінің менеджері.

2017 жылы – Барселона қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдығының инвестициялар жөніндегі маманы.

2018-2019 жылдары – «Astana ӘКК» АҚ Активтерді басқару департаментінің менеджері.

2019 жылы – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ операциялық қызмет департаменті хатшылығының менеджері.

2019-2023 жылдары – «Астана» ӘКК» АҚ корпоративтік хатшы қызметінің басшысы, активтер және стратегия жөніндегі басқарушы директоры және Басқарма төрағасының орынбасары.

2023-2025 жылдары – «Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

2025 жылдан бастап осы тағайындауға дейін – «Транстелеком» АҚ-да қызмет атқарды.

Осыған дейін Назгүл Хатепованың ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалғаны туралы жаздық.