Теміржол және су көлігі комитетінің төрағалығына жаңа басшы келді

АСТАНА. KAZINFORM – Нұржан Келбуғанов Теміржол және су көлігі комитетінің төрағалығына тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы тағайындалды
Фото: Үкімет

– Қазақстан Республикасы көлік министрінің бұйрығымен Нұржан Амангелдіұлы Келбуғанов Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - делінген хабарламада. 

Нұржан Келбуғанов 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын және М. О. Әуезов атындағы Семей университетін бітірген.

Еңбек жолын «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Алматы жол бөлімшесі» филиалының паркі бойынша кезекші болып бастады. Әр жылдары тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, станция бойынша кезекші, орталықтандыру бекетінің аға операторы, жол диспетчері және бірқатар станцияның бастығы болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Ақмола жол бөлімшесі» филиалы директорының жедел жұмыс жөніндегі бірінші орынбасары, «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Шығыс Қазақстан жол бөлімшесі» филиалының директоры, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ департаментінің директоры, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының маркетинг және жоспарлау бойынша орынбасары болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Біржан Канешевтің «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті болғанын хабарлаған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар