10:55, 19 Наурыз 2014 | GMT +5
Теңге бағамының өзгеруіне орай Ұлттық қордан бөлінетін қаражат 100 млрд. теңгеге ұлғайды - Мәжіліс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
Заңнамаға енгізілетін өзгеріс негізінен доллар бағамының 185 теңгеге дейін түзетілуіне орай орын алып отыр.
«Осыған қатысты, Ұлттық қордан 2014 жылға бекітілген кепілдендірілген трансферт мөлшері 100 млрд. теңгеге ұлғаяды. Соған орай, Қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 1 трлн. 480 млрд. теңгені құрайтын болады», - деді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.