Теңгенің девальвациясы ұлттық экономиканы әлемдік дағдарыстан қорғау үшін жүргізілді ? Н. Назарбаев

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Теңгенің девальвациясы ұлттық экономикамызды әлемдік дағдарыстан қорғап, еліміздің одан әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін жүргізілді.
None
None
Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Ұлттық банктің теңгені девальвациялауы тағы бір маңызды қадам болды. Ұлттық валютаның құнсыздануы сөз жоқ жанға батады, алайда дағдарысқа қарсы қажетті шара», деді өз сөзінде Мемлекет басшысы. Президент өздерінің ұлттық өндірісін қорғау үшін АҚШ, Еуроодақ, Ресей және Қытайды қосқанда іс жүзінде барлық мемлекеттер ұлттық валюталарын девальвациялағанын атап көрсетті. «Қазақстан ұлттық валютасының тұрақтылық курсын басқаларға қарағанда көбірек қамтамасыз етті. Бұл үшін 6 миллиардтан астам доллар шығындады. Бұл шара әлемдік дағдарыстың алғашқы соққыларына төтеп беруге мүмкіндік берді», деді Мемлекет басшысы.Осы орайда Президент одан әрі теңгені жасанды түрде ұстап тұру қауіпті болғанын айта келе, «біздің көршілеріміз Ресей, Украина, Қытай ұлттық валюталарын құнсыздандырды. Егер біз теңгенің бағамын одан әрі ұстап тұра берген болсақ, онда Қазақстан экономикасының нақты секторы аталмыш және басқа да елдердің өндірісшілерімен бәсекеге түсе алмас еді», деді. Мемлекет басшысы теңгенің девальвациялануы басқа да мақсаттарға ауадай қажет, еліміздің алтын- валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік бергенін атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар