Теңгенің еркін айырбас бағамына көшу қазіргі экономикалық жағдайда дер уақытында қабылданған шешім - М.Мұқанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңгенің еркін айырбас бағамына көшу қазіргі экономикалық жағдайда дер уақытында қабылданған шешім болды. Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқармасының төрағасы Мақсат Мұқанов білдірді.
None
None

«Инфляциялық таргеттеуге және теңгенің еркін айырбас бағамына көшу соңғы уақытта қабылданған маңызды бірінші кезекті шаралардың бірі болған сияқты. Әрине, бүгінгі күні ол кеңінен талқылануда. Соңғы уақытта біздер қаржы нарықтарындағы - Қытайдың қор нарығындағы, басқа елдердің қор нарықтарындағы жоғары өзгерістер мен түзетулерге куә болып отырмыз. Әлемнің көптеген елдерінде, әсіресе, дамушы мемлекеттерде қаржылық үйлесімсіздік орын алуда», - деді ол. Оның атап өтуінше, теңгенің еркін айырбас бағамына көшу туралы шешім осынау экономикалық жағдайда дер уақытында қабылданып отыр. «Бұл шешім экономикалық одан әрі түрлену және ел экономикасының жаңа экономикалық нақтылыққа бейімделу кешенімен нығайтылатын болады», - деді М.Мұқанов.

Соңғы жаңалықтар