Теңгенің қазіргі бағамы 2011 жылдың 20 наурызына дейін сақталады - Г.Марченко

АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 2010 жылғы мамырда теңге 0,2 пайызға нығайды және айдың аяғында биржалық бағам бір АҚШ доллары үшін 146,69 теңге болды. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы алғанда мамырда теңгенің АҚШ долларына бағамы 1 АҚШ доллары үшін 146,43-147,04 теңге аралығында өзгеріп отырды. Қазақстан Қор биржасындағы биржалық операциялар көлемі қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді қоса алғанда 2010 жылғы сәуірмен салыстырғанда 3,4 пайызға өсті және 5,1 миллард АҚШ долларын құрады.

Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі жедел деректер бойынша 19,3 пайызға ұлғайып, 6,7 миллиард АҚШ долларын құраған.

«Мен валюталық саясат дұрыс жүргізіліп отыр деп есептеймін. Теңгенің бағамы біз болжаған көлемде болады. Ал 2011 жылдың 20 наурызынан кейінгі теңге бағамын жыл аяғына дейін айтатын боламыз», деп атап өтті Г.Марченко.

Соңғы жаңалықтар