Теңіз қарақшылары танкерді басып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаруланған теңіз қарақшылары Малайзияның шығыс жағалауының жанындағы танкерге шабуыл жасады.

Теңіз қарақшылары танкерді басып алды

Бұл туралы жұма күні сингапурлық Star газетінің электрондық нұсқасынан хабарланды.

Қарақшылық шабуыл бейсенбі күні, 28 тамызда, Оңтүстік-Қытай теңізінің Тиоман аралы аумағында жасалған. Сингапурдан Таиландқа бағыт алған таиландтық кеме командасы машина бөліміне қамалған.

Мұнай ағызып алынған соң танкер босатылған, жапа шеккендер жоқ.