Теңізде мұнай өндіруді арттыра отырып, Қазақстанның мүддесін де ойлау қажет - Мемлекет басшысы

АТЫРАУ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - «Теңізшевройл» ЖШС компаниясы өндіріп жатқан Теңіз кен орнындағы мұнай өндірісін дамыту туралы мәселені шешу кезінде технологиялық шешімдерге өте мұқият болып, Қазақстанның мүдделерінің қорғалуын қадағалау қажет. ҚР Президенті Атырауда мұнайгаз өнеркәсібін дамытуға арналған кеңесте осындай тапсырма берді.

Теңізде мұнай өндіруді арттыра отырып, Қазақстанның мүддесін де ойлау қажет - Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы атап өткендей, Теңіздегі екінші деңгейлі зауыт құрылысын аяқтағаннан кейін компания биылғы жылы мұнай өндірудің рекордты деңгейіне көтерілді. Жыл қорытындысы бойынша ол 24 млн. тоннадан кем болмай отыр.

Бірақ алда компанияның одан әрі кеңеюі мен тұрақты жоғары деңгейге көтерілу мәселелері тұр. Осы компания осыған дейін мәлімдегендей, болашақта Теңіздегі мұнай өндірісі жылына 36 млн. тоннаға жетуі тиіс.

«Бірақ күкіртті жою мәселелері мен газды факелдерде өртеу ауқымын азайту әлі күнге дейін көкейкестілігін жоғалтпай отыр. Оларды шешу мәселелерін тездету қажет», - деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Мұнай және газ министрлігіне ТШО-мен бірлесе отыра ішкі рынокты газбен қамтамасыз ету мәселесін қарастыруды тапсырды.