Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Теңізшевройл» зауытында ешқандай жарылғыш құрылғы табылған жоқ - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА.  Тамыздың    11-і. ҚазАқпарат -  Атырау  облысындағы  «Теңізшевройл» зауытында ешқандай   жарылғыш құрылғы табылған жоқ,

«Теңізшевройл»  зауытында    ешқандай жарылғыш құрылғы  табылған жоқ - Төтенше жағдайлар  министрлігі

деп  хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 9-ы күні сағат 21.30-да Жылыой  аудандық   ішкі істер бөліміне    «Теңізшевройл»  зауытының аумағына   бомба  қойылғандығы  туралы анонимді  қоңырау    түскен болатын.   Жарылғыш    құрылғыны іздестіру  үшін  ішкі істер бөлімі      арнайы  қызмет саперларымен  бірлесіп зауыт аумағын дереу  қоршауға алған   болатын.

Жүргізілген  арнайы іс-шаралардың    барысында, тамыздың 10-ы  күні сағат 15.00-дегі жағдай    бойынша,    ешқандай    жарылғыш құрылғы  табылған жоқ.    Оқиға   кезінде 454 адам жедел көшірілді.