«Теңізшевройл» ЖШС өткен жылы Қазақстан экономикасына 8,5 миллиард доллар құйды
АТЫРАУ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысындағы Теңіз және Королев кенішін игеріп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС компаниясы 2008 жылы Қазақстанның бюджетіне 8,5 миллиард доллар қаржы аударды.
Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 3 миллиард доллар көп. 2008 жылы кәсіпорынның қазақстандық тауарлар мен қызметтерді алуға жұмсаған шығыны да едәуір ? 1,3 миллиард доллар. Соңғы үш жылда ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 3,6 миллиард доллар жұмсады.