13:54, 24 Тамыз 2014 | GMT +5
Теннис: Американың ашық чемпионатында З.Дияс украиналық Л.Цуренкомен күш сынасады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 25 тамызда басталатын Америка ашық чемпионатының алғашқы айналымында қазақстандық Зарина Дияс Украина елінің өкілі, әлемдік рейтингте өзінен төмен тұрған Леся Цуренкомен күш сынасады.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина егер Л.Цуренконы ұтса, екінші айналымда словакиялық Доминика Цибулкова немесе американдық Катрнн Беллистің біреуімен кездеседі. Қазақстандық тағы бір теннисші Ярослава Шведованың бірінші қарсыласы - румыниялық Моника Никулеску.
Еске сала кетейік, биыл үздік елу теннисшінің қатарына енген З.Дияс қазір 46-орында тұр. Өзінің рейтингтегі орнын жақсарту үшін жылдың басты жарыстарының бірі - АҚШ біріншілігінде оған барынша сәтті өнер көрсету керек.