Теннис: Анна Данилина Франиядағы турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Анна Данилина
Фото: ҰОК

Отандасымыз жұптық сында финалға шығу үшін бақ сынайды.

Данилина Страсбургтегі турнирде ресейлік Екатерина Александровамен жұптасып өнер көрсетіп жатыр.

Ширек финалда олар америкалық Эйжа Мухаммад пен венгриялық Фанни Штолардан басым түсті. Кездесу 7:5, 3:6, 10:6 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда Данилина мен Александрова канадалық Габриэла Дабровски және бразилиялық Луиза Стефани жұбымен кездеседі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Анна Данилина Страсбург турнирінің ширек финалына жолдама алды.