Теннис: Қазақстанның ерлер құрамасы «Дэвис кубогының» екінші кезеңіне шықты

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Үлкен теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Азия/Мұхит аймағындағы «Дэвис кубогының» екінші кезеңіне шықты.

Теннис: Қазақстанның ерлер құрамасы «Дэвис кубогының» екінші кезеңіне шықты

Енді мамырдың 7-сі мен 9-ы аралығында өтетін екінші кезеңде біздің команда Қытай құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бірінші кезеңде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасын 5:0 есебімен жеңді. Ал Қытай құрамасы болса 3:2 есебімен Өзбекстан командасынан басым түсті.