Теннис: Кукушкин халықаралық жарыста есе жіберді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 54-інші ракеткасы Зарина Дияс Дубай жарысының негізгі турниріне өте алмады. Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында дүниежүзілік рейтингте 42-інші сатыда тұрған украиналық Леся Цуренкомен кортқа шықты. Небәрі 1 сағат 10 минутқа созылған кездесуде Л.Цуренко 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 89-ыншы ракеткасы Михаил Кукушкин үшін де Марсель (Франция) турнирі сәтсіз болды. Ол осы жарыстың бірінші айналымында Босния және Герцеговина елінің өкілі, әлемнің 29-ыншы ракеткасы Дамир Джумхурмен күш сынасты. Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде 6:7 (6:8), 7:6 (7:3), 6:1 есебімен Д. Джумхур жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Делрэй Бич (Флорида, АҚШ) жарысының негізгі турниріне өткен тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик алғашқы айналымда хорватиялық Франко Скугормен шеберлік байқасады.