11:15, 19 Шілде 2015 | GMT +5
ТЕННИС: Серена Уильямс Бостадтағы турнирде жарақаттанып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Әлемнің бірінші ракеткасы" америкалық теннисші Серена Уильямстың шынтағы жарақаттанып, швециялық Бостадтағы турнирдегі сынын тоқтатты.
Бұл туралы 33 жастағы спортшы Facebook-тегі парақшасында жазды. "Шынтақ жарақатын емдеу үшін маған уақыт керек, - деді ол. - Жаздың соңында дейін толық сауығып кететініме сенімдімін. Жағдайымды қалыпқа келтіруге уақыт керек. Сондықтан алдағы аптада ойындарға қатыспауға мәжбүрмін".
11 шілдеде Серена Уильямс Уимблдонда «Үлкен дулыға» төртінші турнирінде жеңіске жетті. Күнтізбелік «Үлкен дулығаға» қол жеткізу үшін оған тамыз айының соңында басталатын АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атануы керек.
Күнтізбелік «Үлкен дулығаны» үш теннисші ғана ұтып алған. Олар Морин Конноли (1953 жылы), Маргарет Корт 1970 жылы) және Штеффи Граф (1988 жылы).