11:10, 17 Маусым 2010 | GMT +5
Теннис: Я. Шведова Голландиядағы турнирде ширек финалға шықты
АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Голландиядағы WTA Хертонгебош турнирінің ширек финалына шықты.

Екінші айналымда Ярослава Шведова 2:6, 6:3, 6:2 есебімен австралиялық Анастасия Родионованы жеңді, деп хабарлайды ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Ширек финалда ол Румыния спортшысы Александра Дулгерумен кездеседі.
Сондай-ақ қазақстандық Михаил Кукушкин Италиядағы Челленджер Милан турнирінде ширек финалға жолдама алды.