Теннис: Зарина Дияс Токио турнирінің жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан халықаралық турнирде ширек финалда қазақстандық теннисшілер, әлемнің 52-інші ракеткасы Юлия Путинцева мен дүниежүзілік рейтингте 100-інші орында тұрған Зарина Дияс өзара кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Myscore.ru сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 2 сағат 11 минутқа созылған матч барысында бірінші партияда Юлия 6:4 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін екіншісінде Зарина 6:1 есебімен есе қайтарды. Шешуші, үшінші партияда Зарина 6:3 есебімен басым түсті.

Осылайша, Токио турниріне іріктеу сайыстары арқылы қосылған Зарина Дияс сәтті өнер көрсетуін жалғастырып, жартылай финалға жолдама алды. Енді ол финалға шығу үшін америкалық, әлемнің 62-інші ракеткасы Кристина Макхейлмен күш сынасады.

Еске сала кетейік, Токио турнирінің жүлде қоры 226 750 АҚШ долларын құрайды.

Соңғы жаңалықтар