10:40, 02 Маусым 2010 | GMT +5
Теннис: Жерлесіміз Я. Шведова Roland Garros турнирінің ширек финалында сербиялық Е. Янковичпен кездеседі
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Франция өтіп жатқан әйгілі Roland Garros турнирінің ширек финалына шықты.
Бұл біздің теннисшілердің бұндай айтулы жарыстардағы ең үздік табысы болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Я. Шведова жартылай финалға шығу үшін бүгін турнирдің төртінші ракеткасы сербиялық Елена Янковичпен кездеседі. Екеуінің жеке кездесулері 2:1 есебімен әзірге сербиялықтың пайдасында.
Айта кетейік, ширек финалға дейінгі жолда Я. Шведова бірінші ойында итальяндық Сара Эрраниді , екінші айналымда әлемнің сегізінші ракеткасы польшалық Агнешка Разваньсканы, одан кейін ресейлік Алиса Клейбанованы, ал, 1/8-ші финалда австралиялық Ярмила Гротты жеңді.