Теннис: Жерлесіміз Ярослава Шведова Чарлстонтағы турнирде белгиялық Янину Викмайерден басым түсті

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова АҚШ-тың Чарлстон қаласында өтіп жатқан сыйлық қоры 740 мың АҚШ долларын құрайтын WTA "Family Circle Cup" сериясы бойынша өтіп жатқан турнирдің үшінші кезеңіне шықты.

Теннис: Жерлесіміз Ярослава Шведова Чарлстонтағы турнирде  белгиялық  Янину Викмайерден басым түсті

 Аталмыш матчтың екінші кезеңінде Я.Шведова белгиялық спортшы Янину Викмайерді 6:2, 7:6 (7:5) есебімен тізе бүктірді. Янину Викмайер WTA рейтингі бойынша 30-шы орында тұр. Ал Шведова 150-ші орында. Үшінші кезеңде қазақстандық спортшыға неміс қызы Сабин Лисицки қарсы шықты. Неміс спортшысы өзінің қарсыластарының бірінің жарысқа келмей қалуы себепті бірден чехиялық Андрея Главачковамен кездесіп, одан 2:6, 6:3, 6:4 есебімен басым түсті.