Теннисші Андрей Голубев ATP 250 турнирінің жұптық сынында финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Санкт-Петербург ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Теннисші Андрей Голубев ATP 250 турнирінің жұптық сынында финалға шықты

А.Голубев монаколық Юго Ниспен бірге жартылай финалда канадалық Денис Шаповалов – үндістандық Рохан Бопаннамен кездесті.

Алғашқы сетті Андрей мен Юго 4:1 есебімен бастады, алайда Денис пен Рохан екі брейк жасап есепті теңестірді. 10-шы геймде тең тұрғанда Андрей эйс жасап есепті 6:4 қылды.
Төртінші және сегізінші геймде екі сәтті брейк жасаған Канада-Үндістен теннисшілері екінші сетте 6:2 есебімен алға шықты.
Супер тай-брейкте қарсыластар тең келе жатты, алайда Голубев пен Нис белсенді қимылдап 10:4 есебімен жеңіске жетті.
Финалда қазақстандық пен Монако теннисшісі жұптық турнирдің үздіктері - Джэйми Маррей (Ұлыбритания) мен Бруно Соареспен (Бразилия) шеберлік сынасады.