Теннисші Сабинаның рекорды Гиннесс кітабына енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер арасында теннисші неміс қызы Сабина Лисицки допты қағу жылдамдығы бойынша Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Әйелдер теннисі қауымдастығынан (WTA) хабарлады деп жазады ИТАР-ТАСС.

Теннисші Сабинаның рекорды Гиннесс кітабына енді

Лисицки шілде айының соңында Стэнфордта сербиялық Ана Ивановичке қарсы өткізген турнирдің алғашқы айналымының матчында рекорд орнатты. Неміс қызы теннис добын сағатына 131 миль жылдамдықпен (210,8 км/сағ) қаға алды. Мұның алдында американдық Винус Уильямс 129 миль/сағат (207,6 км/сағ) көрсеткішіне қол жеткізген болатын.