Теннистен қысқы Қазақстан чемпионаты өтеді

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Астанада, ақпанның 16-нан 22-сі аралығында Ұлттық теннис орталығында Қазақстанның қысқы чемпионаты өтеді. Астанадағы теннис кортына республиканың барлық аймағындағы алдыңғы қатардағы спортшылар жиналады. Отандық теннистің «жұлдыздары» осы жарыста бас қоспақ,
None
None
деп хабарлайды ҚаззАқпарат Ұлттық теннис орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан чемпионы және бірінші ракеткасы атағы үшін, теннистен ерлер мен әйелдер Ұлттық құрамасының Дэвис Кубогы мен Федерация кубогына қатысушылар күш сынасатын болады. Олар ? Юрий Щукин, Алексей Кедрюк, Михаил Кукушкин, Сесиль Каратанчева, Валентина Старкова, Галина Воскобоева, Ярослава Шведова. Чемпионат қорытындысы бойынша, жасөспірімдер арасында өтетін Davis Cup, Fed Cup және әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында өнер көрсететіндердің есімдері белгілі болады.Спортшылар үшін, сыйлық қоры ынталандырушы күшке айналып отыр, оның көлемі биыл 1,5 млн. теңгені құрайды. 13 жас және одан жоғары жастағы ерлер мен әйелдер жарысқа қатыса алады. Турнирді ұйымдастырушылар: Қазақстан теннис федерациясы, Қазақстан теннис туры, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті.
Соңғы жаңалықтар