«Тентек» шахтасының апат учаскесіндегі метанның шоғырлануы 100 пайызды құрайды - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағанындай «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Тентек» шахтасында апат болып, үш кенші қаза тапты және біреуі жарақат алды.
2009 жылғы маусымның 28-інде 23 сағат 14 минөтте «193 Д6-Ю конвейерлі штректің» даярлық забойында көмір газының оқыстан атқылауы орын алды, оқиға уақытында шахтада 94 адам болды, олардың төртеуі - апатты забойда болған, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің деректері бойынша забойдың апатты тұйықтың ұзындығы 290 метрге дейін жетеді, және ол жердің 100 метр қашықтықтағы маңайын кен жыныстары бітеп тастаған.
Забойды газсыздандыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Одан кейін оқиға орнын тазарту жоспарланған.