«Теңіз» кен орнында 10 мың жұмысшы 7 пунктте өз таңдауын жасады

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында 10 мыңға жуық жұмысшы жұмыс орнында дауыс берді. Вахталық ауысыммен жұмыста жүргендер үшін кен орнында 7 дауыс беру пункті ұйымдастырылды. 

«Теңіз» кен орнында 10 мың жұмысшы 7 пунктте өз таңдауын жасады
Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Жылыой аудандық аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, бүгін 10 референдум учаскесінің мүшелері дауыс беру пункттеріне бюллетень мен арнайы жәшік алып келді.

«Қазір «Теңіз» кен орнында 10 мыңға жуық адам вахталық әдіспен жұмыс істейді. Олардан референдумда дауыс беруге өтініш түсті. Кен орнындағы жұмыс ырғағын тоқтатпау үшін 7 дауыс беру пунктін ұйымдастыру қолға алынды. Бұл жұмыс бірнеше аптаға созылды. Дауыс берудің үздіксіз және қауіпсіз процесін ұйымдастыру үшін барлық қажетті шара қабылданды», - деп хабарлады аудандық аумақтық комиссиядан.

Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, мұнай-газ саласының вахталық ауысымдағы жұмысшылары үшін дауыс беру процессі вахталық қалашықтарда да ұйымдастырылған. Бұл жұмысты жүзеге асыру 38 учаскелік комиссияға жүктелген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысындағы мұнайшылар жұмыс орнында дауыс беріп жатқанын хабарлаған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар