Тепловоздан жарты тоннаға жуық дизель отынын ұрлаған павлодарлықтар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері дизель отынын ұрлағандарды ұстады.
None
None

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Павлодар стансасындағы желілік ІІБ қызметкерлері "Южная" стансасында жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде «FAW VITA» көлігін тоқтатқан. Көлікті 30 жастағы ер адам жүргізіп келген. Тінту кезінде көлік полицейлері ішінде дизель отыны болған 17 канистрді (415 литр) тауып, тәркіледі.

Павлодар қаласының 1973, 1987 және 1963 жылдары туған үш азаматы ұсталды. Олар кінәсын мойындады. Ұсталғандар жанар-жағар майды тепловоздан құйып алған. Өлшем жасалғаннан кейін дизель отынының жалпы көлемі 435 литр болғаны анықталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімі 1-бөлімшесіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіле бастады.

Соңғы жаңалықтар