Теректі ауданы орталығында жаңа қазақ мектебі салынатын болады

ОРАЛ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Теректі ауданының орталығы Федоров ауылында жаңа қазақ мектебі салынатын болады.
None
None
Бұл туралы тұрғындар сауалына орай аудан әкімі Алексей Горобцов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазіргі кезде бұрынғы балабақша ғимаратына орналасқан қазақ мектебі оқушыларға тарлық етуде. Соңғы уақытта жергілікті халық саны да өсіп отыр. А.Горобцовтың айтуынша, аудандағы 49 білім ошағының бірнешеуі күрделі жөндеуден өтсе, Подстепный ауылында Елбасының «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасына сәйкес жаңа қазақ мектебі пайдалануға берілді. Сондай-ақ аталмыш бағдарламаға сәйкес Ақжайық ауылында 100 төсектік аурухана құрылысы басталды. Қарашығанақ-Орал магистральды газ құбыры құрылысының жүргізілуіне байланысты Подстепный, Ақжайық, Аңқаты ауылдарын газдандырып, Новопавловкадан газ тарататын станса салу жоспарда тұр.
Соңғы жаңалықтар