14:09, 22 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Теректі ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ділдә Бекқожина/ - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Подстепный, Федоров, Ақжайық ауылдарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлады аудан әкімдігі.

Оған осы аудандағы 18 ауылдық округтің шаруа қожалықтары мен шағын және орта кәсіп иелері қатысып, тұрғындарға бақша өнімдері мен дәнді дақылдарды, үй құстары мен үй жануарларын және олардың өнімдерін арзан бағамен ұсынды.
Өткізілген жәрмеңкелер нәтижесінде 21 тонна бақша өнімдері, 21 тонна арпа, 24 тонна дәнді дақыл жармалары, 2,5 тонна қара бидай, 1,2 тонна тары, сондай-ақ 23 тонна көкөніс пен 26 тонна бақша өнімдері, 170 келі көлемінде сүт өнімдері сатылды.
Жылма-жыл дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жәрмеңке бұдан былай әр апта сайын ұйымдастырылатын болады.