12:09, 30 Наурыз 2009 | GMT +5
«Теректі әулие» петроглифтері
«Теректі әулие» петроглифтері - әзірге тылсым сырын ішіне бүгіп жатқан әлемде теңдесі де, ұқсас сыңары да жоқ тарихи жәдігер. Қарағанды облысының Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 88 шақырым қашықтықта орналасқан.
Теректі жартасындағы бейнелер біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдықтың соңы мен біздің заманымыздағы 1 мың жылдықтың басында бедерленген. «Теректі әулиедегі» суреттер (пиктограмма, петроглифтер) тас бетіне қашалып салынған.
Пиктограмма ? тас бетіне салынған суреттердің бізге жеткен көне ескерткіштерінің бірі. Тіршілікте тылсым табиғатпен тіл табысқан адамзат баласының бар білімі, таным-түйсігі, ақыл-парасаты, зейін-зердесі бейне-белгілер түрінде тас бетіне таңбаланған. Тіршілік иесі өзінің өмір сатысының барлық кезеңінде табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасын бейнелеп қалдырған. Кейбір тастардың мұқият өңделгені соншалық, олардың беттері күні бүгінге дейін айнадай жылтырайды. Жергілікті халық оны әулиенің сырғанағы деп атап кеткен.
«Алла тағаланың айрықша ықыласына бөленген, бойына аруақ қонған әулие адамдар ықылым заманда жұмыр жерді жаяу аралап, табиғаттың тылсымына үңілген, дін мен ділді зерделеген, аңыз-әңгімелерді жүрген жерлеріне таратқан. Бірде сондай әулиенің бірінің табаны Теректіге де тиеді. Бұл өңір ол кезде адам аяғы баспаған жапан дала болса керек. Шөлден қақталған, шаршап-шалдыққан, әбден әлсіреген әулиенің көзіне әлден уақытта Жаратқанның жоралғысындай жасыл желекті зәулім бәйтерек шалынады. Ақырғы әл-қуатын бойына жиған ол бәйтеректің көлеңкесіне тыныстауға ұмытылады. Көкжиекке көсілген жалаңаш жазықтың ортасындағы баланың басындағы айдардай жасыл алаңқайға жеткенде ол теректің түбінен шымырлап шығып жатқан бұлақты көреді. Мөп-мөлдір салқын суды рахаттана сіміріп, теректің көлеңкесіне құлай кетеді. Тынығып тұрған жаһангер таң-тамаша күй кешеді. Шаршағаны қандауырмен сылып алғандай басылыпты. Ең ғажабы, маса талаған жарадан иненің көзіндей де белгі қалмапты. Бұл қасиетті, киелі бұлақ болды деп ойлаған ол көкке қолын жайып құдайға құлшылық етті...» деген аңыз қалған.
«Теректі әулие» атанған төбешіктер шоғырында Шоқ жұлдыздардың шоғырын білдіретін он екі тау теке бедерлері, Тұлпар аттың тұяғының ізі, тас бетіндегі Күн мен Ай таңбалары, Тоғызқұмалақ ойынының тас бетіндегі тақтасы, Теректі әулиенің қасиетті Құран сақтаған орны бар. Сонымен қатар төбешіктердің үстінде де, қапталдарында да белгілі бір заңдылықпен бедерленген қосақталған түйеден бастап, жалаңаяқ адамның ізіне дейінгі таңбалар салынған. Бірақ оларға қарап бір белгілі пайым, түйін ? тұжырым жасауға негіз таба алмайсың.
Ұлытау ауданындағы материалдық мәдени ескерткіштерді зерттеп, қазба жұмыстарын жүргізіп, осы өңірдегі ежелгі қалалар мен қоныстар, кесенелер мен мазарлар, көне керуен жолдары, археологиялық және сәулет ескерткіштері жайлы терең тұжырымдар жасаған ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1951 жылы Теректі әулие петроглифтеріне де зерттеу жүргізген.
«Ерлікті қадірлеген сақ, ғұн, үйсіндер жолға шыққанда беліне күміс кесе, не тұлпар аттың тұяғын байлап жүретін болған. Бұл дәстүр біздің заманымызға дейін Кіші жүз тайпаларында сақталып келеді. Оның үстіне тұлпар аттың тұяғының ізі таудағы тасқа да безеліп түскен. Геродоттың айтуынша сақтар жерінде адам табынатын тасқа түсірілген «тәңірінің» «табан ізі» бар деген ұғым болған. Осындай тасқа қиып түсірген адам ізі Теректі әулие тасында, Ұлытаудың Арғанаты тасында кездеседі», - деп жазады зерттеулерінде ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан.
«Теректі әулие» гранит қырқалар кешенінің анда-санда ғылыми кітаптарда аталғаны болмаса түбегейлі зерттелмеген. Тарихы тылсымға, тастары таңбаларға толы кешеннің адамзат тарихының ашылмай жатқан беттерін ақтаруға септігі тиюі әбден ықтимал. Қалай болғанда да осыншама күрделі кешен маман ғалымдар тарапынан тиянақты зерттелуін күтіп жатыр. Тастағы мүсіндердің ермек үшін салынбағаны, олардың осы өңірді құтты қонысы еткен ежелгі адамдардың тыныс-тіршілігі мен наным-танымнан түсінік беретіндігі ақиқат.
Дереккөзі:
Қ.Ахметов, «Ұлытау», «Менің Отаным - Қазақстан» сериясы