Тереза Мэй опат болған жағдайға арнап құпия хат жазады
Мэй ханым «Соңғы үміт хатының» төрт данасын өз қолымен жазады. Олар конвертке салынып, мөрмен бекітіліп, ядролық оқтұмсығы бар Trident баллистикалық зымыранымен қаруланған төрт суасты қайықтарының командирлеріне жіберіледі. Премьер-министрдің хаттары орталық әскери сүңгуір қайықтарды басқару бекеттерінде екі сейфте сақталады.
Құжаттардың мәтіні ешқашан халыққа жарияланбайды. Үкімет басшысының кетуімен хаттар жойылуы тиіс. Хатта апатты жағдайда жасалатын төрт нұсқаның бірі жазылады: кері ядролық шабуыл жасау немесе бас тарту, өз бетімен әскери шешім қабылдау немесе одақтас мемлекеттің қолбасшылығына көшу.
59 жастағы Тереза Мэй дүйсенбі күні Консерваторлық партияның жетекшісі атанды. Бұл орынға таласқан оның жалғыз қарсыласы (энергетика және климаттың өзгеру мәселелері министрінің орынбасары Андреа Лидсом) сайлау нақанынан кететінін мәлімдеген еді.