Терминал жоқ ақылы жолмен тегін жүрген жүргізушілердің қарызы қалай өтеледі

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің кейбір ақылы автожолдары бойында арнайы шлагбаум жоқ болып шықты.

 Ақылы жолдарда жылдамдықты асыру автоматты түрте тіркеледі
Фото: Kazinform

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Арнайы терминал қойылмаған ақылы автожолмен жүріп, бірақ бір рет те төлемеген жүргізушілер болуы мүмкін. Олар көлікті сатып жіберген соң қарыз болып есептеле ме әлде қарызы жойыла ма?» деген сауал қойылды. 

Сұраққа «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев жауап берді.

- Мәселе маңызды, әсіресе оңтүстік жақта шлагбаум ештеңе жоқ, қозғалыс ашық. Өз тарапымыздан банк және сот орындаушыларымен жұмыс істейміз. Бірақ автокөлік сатылғанда ақылы жолдың төленбеген ақысын жаңа иесіне ауыстыруға болмайды, толық қарызын жаппағанша. Салық пен ақылы жол бойынша қарызы болған жағдайда көлік иесін өзгертуге болмайды, - деп түсіндірді ол.

Айта кетсек, ҚазАвтожол АҚ он мердігер компанияны сот шешімімен жосықсыз деп танып, қара тізімге енгізді. 

Сондай-ақ биыл тоғыз айда ақылы жолдардан бюджетке 62 млрд теңге түскені туралы жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар