Террористік қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам депортацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген ҚР азаматтарын елге қайтару жөніндегі операция жүргізді.

а
Фото: ҰҚК

Биыл 7 және 12 мамырда шет елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен республикамыздың төрт азаматы Отанға жеткізілді.

с
Фото: ҰҚК

Аталған адамдар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ҰҚК бағдары бойынша ұсталды.

м
Фото: ҰҚК

Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Павлодарда орманда тұрған 6 балалы отбасы депортацияланғанын жазған едік.