The Rompetrol Group атауын KazMunayGas International деп өзгертті
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ баспасөз қызметі.
«Ромпетрол компаниясы атауының өзгертілуі «ҚазМұнайГаз» брендін одан әрі алға жылжыту жөніндегі ҚМГ стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. «Бір шатырдың астындағы бренд» ҚМГ компаниялар тобының ішкі рыноктағы да, сыртқы рыноктағы да нарықтық ұстанымдарын күшейту үшін қажетті шарт екені даусыз», - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сыртқы өңдеу мен маркетинг жөніндегі атқарушы директоры - «Rompetrol» Тобының Бас директоры Жанат Түсіпбеков.
Өзгеріс Топтың басқару бөлімшесі - Румынияның Бухарест қаласында орналасқан «The Rompetrol Group Corporate Center S.R.L.»-де де болады. Топтың корпоративтік орталық басқару функциясын атқаратын бұл компания «KMG Rompetrol» деп өзгертілді.
Сонымен бірге Румыния аумағы мен шетелдерде танымал және өзінің позициясын бекіткен Rompetrol бренді сақталады.