Тикритте болған лаңкестіктің салдарынан 60 адам құрбан болды

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Ирактың Тикрит қаласында сейсенбі күні орын алған лаңкестік әрекет 60 адамның өмірін қиып кетті,
None
None

тағы 140 адам түрлі жарақат алды. Бұл туралы елдің күш-қуат құрылымдарына сілтеме жасап ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлайды.

Жанкешті өзінің денесіне байланған бомбаны полиция орталығында, құқық қорғау органдарының қатарына жұмысқа тұруға жиналған адамдардың тобының ішінде іске қосқан. Қаза болғандардың қатарында бірнеше тәртіп сақшысы да бар. Жарылыс салдарынан жақын маңда орналасқан май құю стансысы да жанған.

Жаралылардың көбісі ауыр жағдайда госпитальдерге жеткізілген, сондықтан да дәрігерлер құрбан болғандардың саны әлі де өсу ықтималдығын жоққа шығармай отыр.

Соңғы жаңалықтар