Тілдерді дамыту жөніндегі облыстық басқарма жыл қорытындысын шығарды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға, тілдің қоғамдағы ролін көтеруге, оның қоғамның барлық саладағы кең қолданысқа ие болуына қомақты үлес қосқаны үшін «Жетісу» облыстық телерадиокомпаниясының бас директоры Б.Құранбек, Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Р.Есдәулетов
None
None
Алматы облысы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сондай-ақ Жамбыл ауданының «Атамекен» газетінің бас редакторы Е.Жақыпбеков, Қаратал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Ж.Теберіков, Панфилов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы міндетін атқарушы С.Тетқұсызова, Іле аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Н.Құматаевтар облыс әкімінің алғысхаттарымен атап өтілді. 2008 жылдың басында «Үздік оқу мекемесі», «Үздік сауықтыру мекемесі», «Үздік мәдениет және спорт мекемесі», «Мемлекеттік тілді оқытудың үлгілі кабинеті», «Қазақ тілінің үздік мұғалімі», т.б. аталымдар бойынша жарияланған ұжымдық және жеке тақырыптық конкурстардың қорытындысы да шығарылды.
Соңғы жаңалықтар