Тілдерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны бір ай мерзімінде халық арасында жан-жақты талқылау керек - Үкімет басшысы
ілденің 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Тілдерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны бір ай мерзімінде халық арасында жан-жақты талқылау керек.
Бұл туралы бүгін Үкіметте аталған бағдарламаға арналған мәжілістің отырысында Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Бүгін ел болашағына, ұлт руханиятының өсіп-өркендеуіне үлес болып қосылатын бағдарлама жобасы жасалды. Енді бір ай мерзім ішінде осы бағдарламаны халық арасында, баспасөзде, зиялы қауым арасында, түрлі оқу орындарында жан-жақты талқылауымыз керек», - деп атап өтті Үкімет басшысы.
«Келіп түскен ұсыныстарды ескеріп, толықтырып, бағдарламаны қыркүйектен қалдырмай бекіткен жөн», - деді К.Мәсімов.