Тілектес ауылында «Еркетай» балабақшасы ашылды - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар облысындағы 63 отбасы тұратын Тілектес ауылында 25 орынға арналған «Еркетай» балабақшасы ашылды,
деп хабарлады Лебяжі аудандық әкімдігінен.
Балалар мен ересектерді жаңа қоныстанумен және алда келе жатқан мемлекеттік мерекемен аймақ басшысы Айзада Құрманова құттықтап, мектепалды мекеменің Президенттің «Балапан» бағдарламасының арқасында бой көтергенін атап өтті. Ол балабақшаға сыйлық - ноутбук сертификатын табыстады. «Еркетайдың» ашылуына орай оның тәрбиеленушілері өздерінің алғашқы концертін дайындады.
Жаңа балабақшада 11 жұмыс орны құрылды, бұл Тілектес ауылының жұмыссыз тұрғындары жоқ елді мекенге айналуға мүмкіндік туғызды.