Тимофей Скатов Франциядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 230-ракеткасы Тимофей Скатов Труа (Франция) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Тимофей Скатов
Фото: ktf.kz

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 352-орында тұрған чехиялық Йогас Форейтектің мысын басты.

Екі сетте 6:3 есебі тіркелді.

Бір сағат 40 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Форейтек 2 эйспен көзге түсті.

Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 343-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиномен таласады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыға алмады.

Ол әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Полға жол берді — 3:6, 4:6, 2:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдонда үшінші айналымға өткенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар