Тимофей Скатов Италияда сенсация жасап, ширек финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 277-ракеткасы Тимофей Скатов Барлетта (Италия) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды. 

тимофей скатов
Фото: skatov_timofey/Instagram

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің – 166, осы жарыстың 3-ракеткасы, аустриялық Филип Мисоличтің мысын басты. 

Скатов азулы қарсыласын бір сағат 50 минутқа созылған тартысты матчта 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Ол 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін өз пайдасына жаратты. Мисолич 1 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) ғана шектелді. 

Тимофей Скатов доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 305-ракеткасы, италиялық Риккардо Бонадиомен таласады.

Қазақстандық теннисші осы табысының нәтижесінде ATP Live рейтингісінде 274-орынға көтеріліп, көрсеткішін жақсартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Португалиядағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.  

Соңғы жаңалықтар