Тимофей Скатов Мароккода негізгі жарысқа жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 195-ракеткасы Тимофей Скатов Марракеш (Марокко) ATP 250 турнирі іріктеу сайысын сәтті аяқтады.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында әлемнің 141-ракеткасы, тунистік Моэ Эшаргидің мысын басты.
Екі партия да 6:3 есебімен тәмамдалды.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде Скатов 5 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ. Эшарги 6 эйспен шектелді.
Осылайша, Тимофей Скатов негізгі жарысқа жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Мароккодағы турнирді сәтті бастағанын жазған едік.
Сондай-ақ Юлия Путинцеваның Чарльстон турниріндегі қарсыласы анықталды.
Сонымен қатар Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) АҚШ-тағы Майами турнирінен кейін жаңартылған рейтингіні жария етті.