Тимофей Скатов Польшадағы жарыстың екінші айналымына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 215-ракеткасы Тимофей Скатов Познань (Польша) челленджер турнирін сәтті бастады.

Теннисист Тимофей Скатов
Фото: ҚР ҰОК

Жарыстың 9-ракеткасы Т.Скатов алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 293-орындағы молдовалық Раду Алботтан айласын асырды.

Қазақстандық теннисші биыл Бухарест (Румыния) ATP 250 турнирінің іріктеу сатысында Р.Алботты 6:1, 7:6 (7:3) есебімен ұтқан болатын.

Бұл жолы 1 сағат 29 минутқа созылған матчта Скатов 6:2, 6:4 есебімен жеңді. 

Бәсеке барысында Т.Скатов 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Р.Албот 1 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 342-ракеткасы, чехиялық Гинек Бартон немесе рейтингіде 377-сатыдағы америкалық Тоби Алекс Кодаттың қай жеңгенімен таласады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 270-орындағы Денис Евсеев осы додада алғашқы айналымда әлемнің 129-ракеткасы, аргентиналық Тьяго Агустин Тирантемен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 17 жасар Әмір Омархановтың әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішке қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Путинцева Ноттингем турнирінде алғашқы қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты.

Александр Бублик Германиядағы турнирде әлемнің 1-ракеткасымен кездесуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар