16:59, 16 Наурыз 2014 | GMT +5
Тимур Бекмамбетов «Елки 1914» фильмін түсіруге кірісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Bazelevs» компаниясы «Елки 1914» лирикалық фильмінің түсірілімін бастап кетті, деп хабарлайды «Мосфильм».
Кинокартинаны жасауға Тимур Бекмамбетов, Дмитрий Киселев, Александр Котт, Александр Карпиловский мен Юрий Быков қатысатын болады.
Жобаны жүзеге асыру үшін «Мосфильм» мамандарын тарту да көзделіп отыр. Киносериал авторларының хабарлауынша, оқиға желісі 1915 жылдың қарсаңында өрбиді және оның идеясы бойынша Жаңа Жыл мерекесінің жүз жылда өзгерістерге ұшырамағандығын көрсету көзделген.
Барлығы 7 новелла түсірілмек, кинода алғашқы кейіпкерлердің ата-бабалары туралы хикая көрсетіледі. Дегенмен олардың рөлін сол баяғы Иван Ургант, Сергей Светлаков, Александр Головин, Александр Домогаров, Анна Хилькевич, Галина Стаханова, Мария Порошина, Виктор Вержбицкий мен Антон Богданов сомдамақ.