Тимур Чакпантаев Өскемен қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды

Тимур Чакпантаев
Фото: Өскемен қалалық прокуратурасы

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласының прокуроры болып Тимур Чакпантаев тағайындалды.

Тимур Қайратұлы 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Өскемендегі Қазақстан-Америкалық еркін университетін «заңгер» мамандығы бойынша, С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Риддер қалалық прокуратурасында бастады.

Әр жылдары Риддер қаласы прокурорының көмекшісі, Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі, ШҚО прокуратурасының прокуроры, мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының аға көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі, Глубокое ауданы прокурорының орынбасары, Өскемен қаласы прокурорының орынбасары болып қызмет еткен.

Осы лауазымға тағайындалмас бұрын Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болған.

Соңғы жаңалықтар